АҚШ-та дауылға байланысты 35 округте төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та тағы дүлей дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Associated Press агенттігі келтірген мәлімет бойынша «Милтон» тропикалық дауылы қазір Флорида штатына қарай жылжып барады. Осыған байланысты аталған өңірдің 35 округінде төтенше жағдай жарияланды.
Мамандардың болжамы бойынша, алдағы күндері аймақта жауын-шашын түсіп, тасқын жүруі мүмкін. Тақауда ғана АҚШ-тың оңтүстік-батысында «Хелен» дауылы соғып, оның арты алапат су тасқынына ұласқан еді.
Салдарынан 200-ден астам адам опат болды. Мыңдаған азамат зардап шекті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы