АҚШ-та дауыл соғып, 43 адам көз жұмды
АҚШ-тың оңтүстік-шығында «Хелен» дауылы соғып, 43 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дауыл бастапқыда Флоридада басталып, одан соң солтүстікке, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға қарай ауысқан.
Желдің жылдамдығы 209-251 км/сағатты құраған.
Америкалық Флорида штатының көптеген округінде «Хелен» дауылынан соң төтенше жағдай жарияланды. Миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған.
Сонымен қоса Джорджияда 683 мың адам, Оңтүстік Каролинада 242 мың адам қараңғы үйде қалуға мәжбүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы