АҚШ-та дауыл соғып, 200-ден астам адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штаты соңғы жеті жылда болмаған ірі эвакуациялауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 200-ден астам адам қаза тауып, үлкен шығынға батырған "Хелен" дауылы бесінші санатқа дейін күшейген.

Дауылды бақылайтын ұлттық қадағалау орталығы жылдамдығы сағатына 285 шақырымға жеткен жел Мексика шығанағы арқылы шығысқа қарай ойысқанын айтып, дабыл қағуда.

Дауыл Тампа шығанағы аумағын бұзып өтіп, Орландоға қарай жетеді деп болжанып отыр.

Синоптиктер кейбір зардап шеккен аудандар апаттан тағы да зардап шегіп, одан бетер шығынға бататынын ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы