АҚШ-та БҰҰ 77 сессиясы басталды

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының 77 сессиясы басталды. Келелі жиынды ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш және сессия төрағасы, Венгер дипломаты Чаба Кереши ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Былтыр короновирус ушыққан уақытта әлем келер жылға үлкен үмітпен қараған. Бірақ Бас хатшының пікірінше, биылғы жиын тіпті күрделі жағдай кезінде өтіп отыр. Әлемдік экономикадағы рецессия, түрлі қақтығыстар, геосаяси тұрақсыздық сияқты күрделі мәселелер туындады. Сессияда тағы қандай сұрақтар көтерілуі мүмкін? 

БҰҰ сессиясы жыл сайын қыркүйекте өтеді. Жаһан жұртының назары осы жиынға ауады. Әлемдегі 193 мемлекеттің басшысы ұйымның штаб пәтеріне жиналады. Сарапшылардың сөзінше, биылғы сессияның негізгі тақырыбы Украинадағы қақтығыс, климаттың өзгеруі, короновирспен күрес, әлемдік экономиканың рецесиясы, инфлияция, тауар жеткізу тізбегінің бұзылуы сияқты өзекті мәселелерге арналады. 20 қыркүйекте жалпы дебат апталығы басталады. 

Дегенмен, дебат апталығы қалай өтетіні белгісіз. Өйткені оның жұмысына Елизавета ІІ патшайымының қазасы әсер етуі мүмкін. Өйткені дәл сол аптаға жерлеуі жоспарланған. Батыс елдерінің бірқатар басшылары Ұлыбритания патшайымын ақтық сапарға шығарып салуға баруы мүмкін. Сонымен биыл пандемияның беті қайтып, көптеген шектеулер алынып тасталды. Сондықтан мемлекет басшылары трибунада тұрып баяндама жасайды. Бірақ залдағы делегация саны азайтылды. БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы болып, мажар дипломаты сайланды. 

Бүгінгі қақтығыстар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болмаған гуманитарлық қиындықтарға әкеп, бізді сынап жатыр. Украина қақтығысы барлығымыз үшін сын сағаты болып тұр, - деді БҰҰ бас ассамблеясының төрағасы Чаба Кереши. 

Климаттың өзгеруіне байланасыт табиғи апаттар соңғы 50 жылда 5 есе көбейген. Бұл адамзат баласының қазба байлықтарға тәуелді болғанның салдары, - деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Жалпы сессияның аясында мемлекет басшыларына өзара ресми және бейресми кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. Кейде осындай кездесуде үлкен келісімдерге келеді. Сонымен қатар әлем көшбасшылары адамзат үшін аса маңызды мәселені көтеріп, өздері алаңдататын сұрақтарды да ортаға салады. Баяндамашыға жасауға 15 мин беріледі. Бірақ 1960 жылы Фидель Кастро 269 минут мінберден түспей баяндама жасаған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ednews.net
Өзгелердің жаңалығы