7 Қыркүйек 2026, 16:29 Фото: видеодан алынған кадр

АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті

АҚШ-та бензин бағасы Еңбек күніне арналған демалыс қарсаңында рекордтық деңгейге жетті. Ел бойынша кәдімгі бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,14 долларды (шамамен 1885 теңге) құрады.

Бұл көрсеткіш былтырғыдан шамамен 1 долларға жоғары және 2012 жылы тіркелген 3,82 долларлық (шамамен 1740 теңге) бұрынғы рекордтан асты.

Associated Press мәліметінше, жанармай бағасының қымбаттауына АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейінгі жағдай, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының азаюы және мұнай өңдеу зауыттарындағы қиындықтар әсер еткен.

Сонымен қатар дизель отынының орташа бағасы да рекорд орнатып, бір галлон үшін 5,85 долларға (шамамен 2664 теңге) жетті. Бұл жүк тасымалы шығындарын арттырып, тауарлар мен жеткізу қызметтерінің бағасына әсер етуі мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігі алдағы айларда бензин бағасы төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді.