АҚШ-та әйел кілемше жасау үшін 3,5 метрлік аллигаторды атты

Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны Бриттани Ливингстон кілемше жасау мақсатында ірі аллигаторды атып алды. Бұл туралы New York Post басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бриттани мен оның күйеуі Мэтт бес жыл бойы аллигатор аулауға рұқсат ала алмай келген. Штатта жыл сайын бар болғаны 1400 лицензия беріледі. Ұзақ аңшылықтан кейін ерлі-зайыптылар салмағы 250 келі болатын алып аллигаторды ұстай алды.

Ливингстондар өлтірілген жануарды құрметпен пайдаланатынын айтты.

Біз табиғатты құрметтейміз және соны балаларымызға да үйреткіміз келеді. Жай ермек үшін аң ауламаймыз, - деді отбасы.

Олар аллигатордың терісінен кілемше жасауды, ал етінен шұжық және басқа тағамдар дайындауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Бразилияның оңтүстігінде палеонтологтар қазіргі қолтырауындардың ежелгі ата-бабаларына жататын жаңа түр – Tainrakuasuchus bellator жыртқышын тапқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: nypost.com
Өзгелердің жаңалығы