АҚШ-та атыс болып, бес адам қаза тапты

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан Роли қаласында атыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ABC News агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, опат болғандардың арасында бір тәртіп сақшысы бар. 

Полиция күдікті кәмелетке толмаған ер адамды қолға түсіргендерін айтты. Қылмыс жасауға не итермелегенін жақын арадағы тергеу барысында анықталады деп отыр. 

Полиция лейтенанты Роли Джейсон Борнеоның айтуынша, оқ тиген бір офицер ауруханадан шығарылды. Тағы екі жаралының жағдайы ауыр. 

 Қайғылы оқиғаға байланысты кем дегенде тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың халі туралы нақты ақпарат жоқ.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы