АҚШ-та асқабақтар фестивалі өтіп жатыр

АҚШ-та "Асқабақтар фестивалі" 4-ші жыл қатарынан өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараға Жаңа Орлеан қаласындағы Қант шаруа қожалығы мұрындық болған. Фестиваль бір жағынан жәрмеңке іспетті. Әдеттегіден арзанға асқабақ пен көкөніс, сондай-ақ қой, ешкі, тауық сатылып жатыр. 

Фестиваль 27 қазанға дейін жалғасады. Шаруалар келушілерге көкөністі қалай өсіретінін, үй жануарларын қалай бағатынын айтып қана қоймай, іс жүзінде көрсетеді. Бұл әсіресе балалар үшін қызық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы