АҚШ-та әскери тікұшақ құлап, төрт әскери қаза тапты
АҚШ-тың солтүстік-батысында, Вашингтон штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт америкалық әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ армиясының арнайы операциялар қолбасшылығының мәліметінше, апат 17 қыркүйек күні кешке Льюис–Маккорд базасының маңында болған.
Әскерилердің айтуынша, тікұшақ жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындап жатқан. Бортта төрт адам болған, олардың барлығы қаза тапты. Олардың аты-жөні әзірге жарияланбады.
Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Бұған дейін оқиға туралы Тёрстон округінің шериф кеңсесі хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ конференциясында 10 ел Палестинаны мойындауға ниетті
Өзгелердің жаңалығы