АҚШ-та 12 адам бассейнен уланды

Хьюстонда өткен сенбіде хлордан улану белгілерімен 12 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Click2Houston-ге сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мұның себебі бассейннің шамадан тыс хлорлануы деп жазады. Қалалық авариялық-құтқару қызметінің басшысы жағдайға дер кезінде ден қойғаны үшін департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Шамадан тыс хлорлау астма ұстамаларын, жүрек айнуын, тері мен көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Fire truck (generic) (Pixabay)
Өзгелердің жаңалығы