АҚШ соты Храпуновтар мен Әбіләзовтен қайтарылатын ақша ісіне қатысты үкім шығарды
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26 маусымда Нью-Йорктің оңтүстік округіндегі аудандық соттың 3 апталық тыңдауынан кейін алқабилер Ілияс пен Виктор Храпуновтарға, сондай-ақ олардың Мұхтар Әбіләзов пен Феликс Сатер сияқты сыбайластарына қарсы әкімдіктен ұрланған ақшаны жылыстату дерегіне қатысты 32 млн АҚШ долларынан астам сома бойынша бірауыздан үкім шығарды, – деді ол.
Бірақ ресми өкіл бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан түзетілуі мүмкін екенін жеткізді.
Өздеріңіз білетіндей, осы азаматтық істі Әділет министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің және “БТА Банктің” мүдделерін қорғау үшін 2019 жылы қозғаған. Оған негіз болған – негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны пайдалану фактілері, - деді Талғат Уәли.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы