23 Тамыз 2026, 04:50 Фото: unsplash.com

АҚШ соты 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімді жойды

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан еді. Тізімге Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және басқа да мемлекеттер кірген.

АҚШ-тағы сот Дональд Трамп әкімшілігінің 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтату туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жойды. Бұл тізімде Қазақстан да бар.

Манхэттендегі АҚШ округтік сотының судьясы Жаннет Варгас Мемлекеттік департаменттің қаңтарда енгізген саясаты федералдық иммиграциялық заңнамаға қайшы екенін мәлімдеген.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан еді. Тізімге Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения және басқа да мемлекеттер кірген.

Бұл шешім АҚШ билігінің иммигранттардың әлеуметтік төлемдерге тәуелді болу қаупін азайту мақсатында енгізілген тексеру шараларымен байланысты болған.

Сот шешіміне сәйкес, Мемлекеттік департаменттің мұндай шектеу енгізу өкілеттігі заңда қарастырылмаған. Сондықтан виза рәсімдеу процесін жаппай тоқтату туралы саясаттың заңдылығына күмән келтірілген.

Айта кетейік, АҚШ-тың қазіргі визалық ережелері иммиграциялық визаларға қатысты бірнеше бөлек шектеуді қамтиды. Сондықтан соттың бұл шешімі барлық виза түрлері автоматты түрде беріле бастайды дегенді білдірмейді. Нақты өтініш бойынша талаптар мен рәсімдерді АҚШ елшілігі мен Мемлекеттік департаментінің жаңартылған ақпаратынан тексеру қажет.