АҚШ Солтүстік Кореяға келіссөзді жалғастыруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық тарап КХДР-ға Стокгольмде АҚШ келіссөзді жалғастырғысы келетінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Солтүстік Кореяға келіссөздерді Стокгольмде жалғастыруды ұсынды. Екі тараптың соңғы келіссөзі 2019 жылдың қазанында өткен болатын. Бұл туралы Трамптың кеңесшісі Роберт О'Брайен Axios порталына берген сұхбатында айтты.

Біз солтүстіккореялық тараппен сөйлестік және келіссөздерді Стокгольмде жалғастырғымыз келетінін айттық. Біз түрлі канал арқылы келіссөздерді тиісті арнаға келтіргіміз келетінін жеткіздік. Тек КХДР төрағасы Ким Чен Ынның денуклеризация туралы уәдесі орындалса болды, - деді АҚШ президентінің кеңесшісі.

Трамп көмекшісі Ким Чен Ынның әлі Вашингтонға "рождествоға сыйлық" жеткізбегеніне "сақтықпен, оптимистік көзқараспен" қабылдайтынын атап өтті.

Ким "рождествоға сыйлық" жіберетінін уәде еткен. Президент өзіне ваза беретін шығар деп ойлады. Біз ешқандай ваза, ешқандай сыйлық алмадық. Бұған позитивті тұрде қараймыз, - деді Роберт О'Брайен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы