Бүгiн 2026, 08:11 Фото: AP/Darko Bandic

АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды

Өз кезегінде АҚШ өкілдері бұл шешім жоспарлы процесс аясында жүзеге асқанын атап өтті.

Дамаск билігі АҚШ әскерлерінің Сирия аумағынан толық шығарылғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) да растады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Сирия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін америкалық күштер орналасқан әскери нысандар ел үкіметінің бақылауына толық берілген. Дамаск бұл қадамды елдегі қауіпсіздік жағдайының өзгеруімен және терроризмге қарсы іс-қимылды өз бетінше жүргізу мүмкіндігімен байланыстырды.

Өз кезегінде АҚШ өкілдері бұл шешім жоспарлы процесс аясында жүзеге асқанын атап өтті. Вашингтон өңірдегі серіктестермен бірге «Ислам мемлекеті» террористік тобына қарсы күресті қолдауды жалғастыратынын жеткізді.

Еске салайық, АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирияға 2014 жылы «Ислам мемлекетіне» қарсы операциялар жүргізу үшін енгізілген болатын. Соңғы жылдары америкалық контингент саны біртіндеп қысқартылып келген.