АҚШ шетелдіктердің балаларына азаматтық беруді тоқтатуы мүмкін

АҚШ-та бала сол елде дүниеге келгенде берілетін азаматтық алу құқығы тоқталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған құқық АҚШ-тың Конституциясына 14-ші түзетуде берілген. Трамп бұған дейін президент болған кезінде бұл түзетудің күшін жойғысы келген болатын. Қазір де сол ойын алға тартты.

Бұл туралы Дональд Трамп NBC News-ке берген сұхбатында айтып берді.

АҚШ Конституциясына 14-ші түзету 1868 жылы 9 шілдеде азаматтық соғыс аяқталған соң қабылданды. Осы түзетуге сәйкес, "АҚШ-та туған немесе азаматтығын қабылдаған және оның құзіретіндегі барлық тұлға олар тұратын Құрама Штаттар мен штаттың азаматы болып саналады" делінген.

Біз ол (туған кезде азаматтық алу құқығы берілетін) бар жалғыз мемлекетпіз, - деді Трамп.

Саясаткер бұл құқықты "қисынсыз" деп санайтынын жеткізді.

Бүгінгі күні АҚШ-пен бірге, Канада мен Бразилияны қосқанда 30-дан астам мемлекет ел аумағында дүниеге келгендерге азаматтық береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы