АҚШ шетелдегі USAID бағдарламаларын тоқтатады

1 шілдеден бастап АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) шетелде көмек көрсету бағдарламаларын ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өзінің жазбаша мәлімдемесінде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ E Daily басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, енді Вашингтонның сыртқы саяси мүдделеріне сай келетін бағдарламалар Мемлекеттік департаменттің арнайы кеңсесіне ауыстырылады. Онда олар "үлкен есеп беру, тиімділік және ойластырылған тәсіл" арқылы жүзеге асырылады.

Әкімшілік курсына сәйкес келетін және американдық мүдделерді насихаттайтын шетелдік көмек бағдарламалары енді Мемлекеттік департамент аясында жүзеге асады, - деді Рубио.

Ол сондай-ақ, АҚШ-тың сыртқы көмегі "алдымен Америка" қағидатына сай болу керек екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Америка салық төлеушілерінің қаражаты өзге елдердегі тиімсіз үкіметтерді қолдауға жұмсалмауы тиіс екенін айтты.

Болашақта біздің көмегіміз нүктелік және уақытпен шектелген болады, - деп түйіндеді Рубио.

Сондай-ақ, ол USAID агенттігінің қырғи қабақ соғыстан бері "таусылмайтын бюджетке ие бола отырып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбегенін" де еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Oliver Contreras / Global Look Press
Өзгелердің жаңалығы