Бүгiн 2026, 08:39 Фото: pixabay

АҚШ Ресей мен Иран мұнайына қатысты санкция жеңілдіктерін бір айға ұзартты

Энергетика нарығындағы қазіргі жағдай АҚШ Қаржы министрлігін бұған дейінгі шешімін қайта қарауға мәжбүр етті

АҚШ Ресей мен Ираннан теңіз арқылы жеткізілетін мұнайға қатысты санкция жеңілдіктерінің мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Сенаттағы тыңдау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл шара Ормуз бұғазындағы шектеулерге байланысты жанармай тапшылығына тап болған бірқатар елдің өтінішімен қабылданған. Мұндай сұраныстар жуырда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк аясында өткен кездесулерде шамамен он елден түскен.

Бұған дейін АҚШ Қаржы министрі бұл жеңілдіктерді ұзарту жоспарда жоқ екенін айтқан еді. Алайда энергетика нарығындағы қазіргі жағдай бұл шешімді қайта қарауға себеп болған.

Уақытша жеңілдіктерді ұзарту отын жеткізілімін тұрақтандыруға және энергия ресурстарын импорттауға тәуелді елдер үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған.