АҚШ, Қытай, Ресейдің ықпалы әлемді үш державаға бөлуі мүмкін
Newsweek журналы болашақта әлем елдері АҚШ, Қытай және Ресей арасында ықпал аймақтарына бөлінуі мүмкін деген болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылым арнайы карта ұсынып, қай аймақ қай державаға қарауы ықтимал екенін көрсетті.
• Ресейдің ықпалына Еуропа елдері, Түркия және Кавказ елдері (Әзербайжан, Армения, Грузия) кіреді.
• Қытайдың ықпалына Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония, Үндістан және Пәкістан кіреді.
• АҚШ-тың ықпалында Солтүстік Америка мен Гренландия болады деп болжануда.
Орталық Азия, Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Америка және Аустралия – ешбір елдің нақты ықпал аймағына жатқызылмаған. Бұл аймақтарда бәсекелестік болуы мүмкін.
Сарапшылар бұл жағдайды 1945 жылғы Ялта конференциясымен салыстырып отыр. Ол кезде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдері ықпал аймақтарына бөлінген еді.
Британ профессоры Стефан Вольфтың айтуынша, Қытай мен АҚШ – әлемді бөлісуге дайындалып жатыр, Ресей Қытайға тәуелді болып кетуі мүмкін, ал Трамп Қытаймен сауда соғысын үдетсе, Қытай Еуропамен жақындасуы мүмкін, бұл Ресей үшін қауіпті.