АҚШ Қазақстанның жаһандық мәселелердегі көшбасшылығын мойындайды – Энтони Блинкен

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының теңдестірілген сипатын атап өтіп, озық америкалық технологияларды тарту, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және өзара тиімді сауда қатынастарына қол жеткізу арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық және сауда-инвестициялық әлеуетін прагматикалық іске асыруға ерекше назар аударды.

Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, 4 млрд АҚШ долларын құрады.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары елдер арасындағы энергетикалық қауіпсіздік, маңызды минералдар, климат, бітімгершілік және т.б. салалардағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түбегейлі өзгерістер бағдарламасының дәйекті және жүйелі сипатын құптап, Вашингтонның оларды практикалық іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастыруға дайындығын атап өтті. Энтони Блинкен «Америка Құрама Штаттары Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды» деп атап өтті.

Сонымен бірге, тараптар «C5+1» диалогын кеңейту және өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өткен осы форматтағы алғашқы саммиттің уағдаластықтарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы