АҚШ-қа дефолт қаупі төніп тұр

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қарыздың көлемін арттыруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ал Конгресстің төменгі палата төрағасы президентті келіссөз жүргізуге шақырып отыр. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Республикалық партия осы сәтті пайдаланып өз талаптарын орындатқысы келеді. Ал демократтар болса мемлекеттік қарыздың көлемін ешқандай шарт қоймай-ақ ұлғайту қажет,- дейді. 

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккартиді мемлекеттік қарыз бойынша дефолтқа жол бермеуге шақырды. Ол ұлттық қарыздың шекті мөлшерін ұлғайтпаса несие карталары мен ипотека мөлшерлемелерінің өсуіне әкелетінін ескертті. Байден төменгі палатадағы республикашылардың ұстанымы «мүлдем жауапсыз» әрі ел экономикасына қауіп төндіретінін айтты. 

Сондықтан спикердің мемлекеттік қарыз бойынша дефлот жасаймыз деп қорқытуы орынсыз дейді. 

Еліміздің қарызы 200 жылдан астам бойы жиналып келеді. Төрт жыл ішінде Трамп бүкіл мемлекеттік қарызды 40% арттырды. Ал дефолтпен қорқыту қазір мүлдем жауапсыздық болар еді. Бұл пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне, несие карталарының, ипотеканың пайыздық мөлшерін көтеруге әкеледі. Жұмыс істейтін орта тап және қарт адамдар қиналып қалады, - деді АҚШ президенті  Джо Байден.

Өткен аптада Өкілдер палатасы 31,4 триллион долларлық ұлттық қарыздың шегін қосымша 1,5 триллион долларға арттыратын заң жобасын қабылдады. Құжат бойынша алдағы онжылдықта мемлекеттік шығындарды жаппай қысқарту қарастырылған. 

Алайда републикалық партия мақұлдаған заңды демократтар бақылап отырған Сенат қабылдамауы мүмкін. Бірақ Конгресс ешқандай шара қолданбаса, бірнеше аптада жалақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерге қаражат таусылайын деп тұр. 

Бұл алпауыт Американың экономикасы дефлотқа ұшырайды деген сөз. Ал Кевин Маккарти болса ұлттық қарыздың шегін көтеру үшін президентпен келіссөз жүргізуді талап етіп отыр. 

2011 жылғы демократтар мен республикашылардың теке-тіресі АҚШ-тың несиелік рейтингінің төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл қарыз алу құнын жоғарылатып, инвестицияның төмендеуіне әкелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: apral.ru
Өзгелердің жаңалығы