АҚШ президентінің ұлына қару сатып алғаны үшін айып тағылды

Алқабилер соты АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге атыс қаруын сатып алу кезінде есірткі тұтынуына қатысты жалған ақпарат бергені үшін айып тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Делавэр штатының алқабилер соты Хантер Байденді айыптаудың барлық үш тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

54 жастағы кіші Байден 2018 жылы есірткі тәуелді бола отырып, тапанша сатып алғанда ол ақпаратты жасырды деген айып арқалады.

Хантер Байден қару сатып алу лицензиясына өтініш берген кезде есірткі тұтыну туралы жалған ақпарат бергендігі президенттік науқанға әсер ете қоюы екіталай. Себебі америкалықтар қараша айында өтетін сайлауда дауыс береді. Бірақ айыптау үкімі АҚШ президенті үшін ауыр соққы болары сөзсіз, - деді Би-би-сидің Солтүстік Америкадағы шолушысы Энтони Зуркер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bbc.com
Өзгелердің жаңалығы