АҚШ-пен ядролық келісім бола ма: Иран СІМ мәлімдеме жасады

Тегеран әлі де АҚШ-пен ядролық келісім бойынша келесі келіссөздер кезеңіне қатысу-қатыспау жөнінде шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ IRNA-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.

Біз жексенбіге қатысты қандай шешім қабылдайтынымыз әзірге белгісіз, – деді Багаи.

Бұған дейін ол Израильдің соққыларынан кейін келіссөздер мәнін жоғалтқанын атап өткен болатын. Ал Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Оман арағайындығымен өткен диалогты түсіндіре келе, Израильдің әрекеттері Тегеранды дипломатиялық жолдан бас тартуға мәжбүрлегенін айтқан.

Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісім бойынша алтыншы раунд 2025 жылдың 15 маусымына Оманда жоспарланған еді.

Алайда 2025 жылдың 13 маусымында таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымына соққы берді. "Арыстандар ұлты" атты операция барысында Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының Бас штаб бастығы Хоссейн Салами мен "Азад" Ислам университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы