АҚШ пен Украина келіссөзі: Зеленский өз ұстанымын айтты

Бүгін Украина мен АҚШ өкілдері Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізе бастады. Олардың мақсаты – Ресеймен соғысты тоқтатудың жолдарын табу, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз бейбітшілікке жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз, – деді журналистерге Украина басшысының кеңесшісі Андрей Ермак.

Зеленский Джиддадағы келіссөздер АҚШ-пен "прагматикалық" қарым-қатынастарды қалпына келтіруге көмектеседі деп үміттенеді. Бұл әсіресе оның ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамппен сәтсіз кездесуі аясында маңызды болмақ.

Бұл ұсыныстың мақсаты – Зеленскийдің соғысты тезірек аяқтауға күш салып жатқанын көрсету, ал бұл – Трамптың да басты мақсаты. Бұған дейін АҚШ президенті украин көшбасшысын бейбітшілікке дайын емес деп айыптаған еді.

Ресейдің Украинаға басып кіруінің басынан бері Киевтің басты одақтасы болған АҚШ өз саясатын күрт өзгертіп, Украинаға қысымды күшейтті. Вашингтон әскери көмекті тоқтатып, Киевпен барлау ақпаратын бөлісуді уақытша тоқтатты.

Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Сауд Арабиясында АҚШ делегациясымен келіссөздердің конструктивті түрде басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

АҚШ командасымен кездесу өте конструктивті басталды, жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды Ермак.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видео скрин / t.me/ermaka2022
Өзгелердің жаңалығы