АҚШ-пен шиеленіс күшейді: Иран қарымта жауапқа әзірленіп жатыр
Тегеран АҚШ пен Израильдің ықтимал шабуылына жауап беруге толық дайын екенін мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін деген ақпаратқа байланысты Тегеран ықтимал шабуылдарға жауап беру жоспарын әзірледі. Бұл туралы Tasnim агенттігі жоғары лауазымды ирандық шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.
Шенеунік америкалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ықтимал соққылар туралы мәліметті «ақылға сыймайтын әрекет» деп атап, Иранның кез келген жауап шарасына толық дайын екенін мәлімдеді.
Иранның ықтимал нысандарының қатарында Израильдің маңызды инфрақұрылымы мен өңірдегі АҚШ-тың энергетикалық нысандары бар, – деді дереккөз.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иранның энергетикалық инфрақұрылымына бұрын-соңды болмаған ауқымды әуе соққысын жасауды жоспарлап жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.