18 Шілде 2023 2023, 15:39 Фото: - архив

АҚШ пен Қытайда күн 50 градусқа дейін ысыды

Әлемнің бірнеше елінде ауа температурасы қатты көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемнің бірнеше елінде ауа температурасы қатты көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда температура 50 градус Цельсийден асып кетті. Синоптиктердің айтуынша, күн райы аптаның ортасына дейін өзгермейді.

Болжамдарға сәйкес, италиялық Сардиния аралының оңтүстігінде сынап бағанасы 46°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Ал құрлықтық Италияның оңтүстігінде 43°C ыстық күтілуде. Испанияның оңтүстігінде ауа температурасы 46°C-қа, ал Францияның оңтүстігінде күн 40°C-қа дейін ысиды.

Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-батысында да аптап ыстық. Метеорологтардың айтуынша, 38 қалада рекорд болған.