АҚШ пен Қытай сауда қақтығысы кезінде қисынсыз әрекет етті – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі кезінде екі тарап та "қисынсыз әрекеттерге" барғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол CBS News-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың күші – сирек кездесетін металдарда. Олар оны бізге қарсы пайдаланды, ал біз өз кезегімізде авиациялық қосалқы бөлшектер арқылы қысым жасадық. Екі жақ та аздап қисынсыз әрекет еткен шығар, – деді Трамп.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Қытай сирек жер металдарының экспортын шектейтін жаңа ережелер енгізді. Бұған жауап ретінде АҚШ Қытайдан келетін тауарларға қосымша 100% баж салығын енгізіп, кейбір авиациялық бөлшектер мен бағдарламалық жасақтама экспортына бақылауды күшейтті.

30 қазанда Пусанда өткен Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінен кейін тараптар өзара тарифтер мен санкцияларды бір жылға тоқтата тұруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Evelyn Hockstein / Reuters
Өзгелердің жаңалығы