АҚШ пен Ливан арасындағы тікелей рейстерді қайта бастау жоспары кідірді
АҚШ президенті Дональд Трамп шілде айында тікелей рейстерді қайта бастау жоспарын жариялап, өткен айда тиісті жарлыққа қол қойған.
АҚШ пен Ливан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру жоспары Бейрут халықаралық әуежайындағы қауіпсіздік талаптарына байланысты кедергілерге тап болды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) әуежайда тиісті сертификаттың жоқтығын және бірқатар қауіпсіздік кемшіліктерін анықтаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп шілде айында тікелей рейстерді қайта бастау жоспарын жариялап, өткен айда тиісті жарлыққа қол қойған. Алайда рейстерді іске қосу үшін әуежайдағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар жоспарын әзірлеу және авиациялық бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді жою қажет.
Ливанның көлік министрі Файез Расамни билік анықталған мәселелерді шешуге кіріскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соғыс жағдайы жұмыстардың баяулауына әсер еткен.
Reuters дерегінше, рейстер қайта басталғанға дейін АҚШ-тың авиациялық және көлік қауіпсіздігі органдары тиісті тексерулер жүргізуі керек.