Бүгiн 2026, 09:15 Фото: pixabay.com

АҚШ пен Израильдің соққысынан Ирандағы спорт залда 15-тен астам адам қаза тапты

Соққы жасалған сәтте залда балалар спортпен айналысып жатқан.

Иранның Фарс провинциясындағы Ламард қаласында орналасқан спорт залына АҚШ пен Израиль жасаған соққы салдарынан 15-тен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадио компаниясы IRIB мәлімдеді.

Шабуыл болған сәтте зал ішінде балалар ойнап, спортпен айналысып жатқан, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Иран Әли Хаменеидің қазасына байланысты 40 күндік аза тұту күнін жариялағаны туралы жаздық.