АҚШ пен Израиль Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға қол жинай бастады

АҚШ Конгресі мен Израиль Кнессетінің өкілдері АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Трамптың бұл марапатқа лайық екенін айтып, әріптестерімен бірге халықаралық қолдау жинап жатқанын хабарлады.

Менің ойымша, ол (Трамп) Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық. Кнессет спикері Амир Оханамен бірге біз әлемдегі өзге де парламент басшыларынан қол жинау жұмыстарын бастап кеттік. Одан артық бұл сыйлыққа лайық адам жоқ, – деді Джонсон.

Бұл бастамаға Израиль Парламентінің спикері Амир Охана да қосылған. Екі ел өкілдері Трамптың әлемдік саясаттағы бітімгерлік бастамаларын атап өтіп, оның президенттік кезеңіндегі Таяу Шығыс келісімдеріне (АҚШ делдалдығымен жасалған «Авраам келісімдері») назар аударуда.

Айта кетсек, Нобель комитеті 2025 жылғы бейбітшілік сыйлығын Венесуэла парламентінің оппозициялық бұрынғы депутаты Мария Корина Мачадоға табыстау туралы шешім қабылдаған болатын.

Осыған байланысты Дональд Трамп та әзіл аралас мәлімдеме жасап, «2026 жылы Нобель сыйлығын алуым мүмкін» деген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein
Өзгелердің жаңалығы