Бүгiн 2026, 01:28 Фото: © Anadolu

АҚШ пен Израиль Тегеранның орталығындағы ауруханаға шабуыл жасады

АҚШ пен Израиль Тегерандағы ауруханаға шабуыл жасады, нәтижесінде адамдар қаза тапты.

АҚШ пен Израиль Иран астанасының орталығындағы ауруханаға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ пен Израиль тағы бір соғыс қылмысын жасап, Ганди ауруханасына шабуыл жасады, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Тегеранның оңтүстігіндегі полиция басқармасы ғимаратына шабуыл жасалғаны және тұрғын үйлерге зақым келгені атап өтілді. Tasnim ақпараты бойынша,соққы салдарынан қаза тапқан адамдар бар.