АҚШ пен Израиль басшылары Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, әңгіме барысында Иран төңірегіндегі ахуалды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Axios-ке сілтеме жасап.

Бұл – соңғы екі күн ішіндегі көшбасшылар арасындағы екінші байланыс. Келіссөздер Ирандағы ішкі жағдайдың ушығуы, елде жаппай наразылықтардың жалғасуы аясында, сондай-ақ Вашингтонда алдағы қадамдарға қатысты: дипломатиялық бастамалардан бастап күш қолдану сценарийіне дейінгі нұсқалар талқыланып жатқан кезеңде өтті.

Әңгіме мазмұнынан хабардар дереккөздердің айтуынша, бұған дейінгі сөйлесу барысында Биньямин Нетаньяху Дональд Трампты Иранға қарсы әскери әрекеттерге бармауға шақырып, Тегеран тарапынан болуы мүмкін жауапқа Израильдің дайындалуы үшін қосымша уақыт қажет екенін атап өткен.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Ақ үй де, Израиль премьер-министрінің кеңсесі де ресми түсініктеме берген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы