5 Тамыз 2026, 08:22 Фото: depositphotos.com

АҚШ пен Иранның ядролық келіссөзі: NYT жаңа мәліметтерді жариялады

Басылымның мәліметінше, АҚШ ядролық отынды қару жасауға жарамсыз ету үшін оны сұйылтуды талап етеді. Кейін бұл материал АҚШ-қа немесе оны кәдеге жаратуға не атом электр станцияларында пайдалануға болатын басқа мемлекетке жіберілуі тиіс.

АҚШ Иранмен ықтимал бейбіт келісім аясында Тегераннан ядролық отынды сұйылтып, кейін оны жою немесе атом электр станцияларында пайдалану үшін АҚШ-қа не басқа елге беруді талап етіп отыр. Бұл туралы келіссөздер барысымен таныс шенеуніктерге сілтеме жасаған The New York Times газеті хабарлады.

Басылымның мәліметінше, АҚШ ядролық отынды қару жасауға жарамсыз ету үшін оны сұйылтуды талап етеді. Кейін бұл материал АҚШ-қа немесе оны кәдеге жаратуға не атом электр станцияларында пайдалануға болатын басқа мемлекетке жіберілуі тиіс.

Сонымен қатар, аты-жөнін атамаған америкалық шенеуніктердің айтуынша, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер қайта басталған күннің өзінде, олар кемінде күзге дейін, тіпті одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Кейбір дереккөздер уран мәселесі бойынша тараптардың келісімге келу ықтималдығына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, АҚШ Иранның уран қоры 2025 жылғы маусымда америкалық әуе шабуылдары жасалған ядролық нысандардың қирандылары астында қалады деген мәлімдемемен ғана шектелуі мүмкін.

Сондай-ақ The New York Times Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына қатысты ықтимал келісімнің жай-жапсарын да жариялады.

Басылымның хабарлауынша, Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта ұйымдастыру жөніндегі келісімге жақындап қалған. Жоспар бойынша, Парсы шығанағына кіретін кемелер Иран жағалауын бойлай, ал шығанақтан шығатын кемелер Оман жағалауын бойлай жүреді.

Иран тарапы бұғаз арқылы өтетін кемелерден экологиялық шығындарды өтеуге, коммерциялық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызмет көрсететін персоналды ұстауға арналған қызмет көрсету алымы алынатынын мәлімдеген. Түскен табыс Иран мен Оман арасында тең бөлінеді.

Алайда келіссөздерге қатысып жатқан америкалық шенеуніктің айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы уақытша бағыттармен жүзетін кемелерден Иранның рұқсатын алу немесе қандай да бір төлем жасау талап етілмейді.