АҚШ пен Иран келіссөздерінің екінші раундын Исламабадта өткізуі мүмкін
Шенеуніктердің бірі сондай-ақ келіссөздерді жариялайтын БАҚ өкілдерінің жұмысы үшін логистикалық дайындық басталғанын атап өтті.
АҚШ пен Иран делегациялары екінші раунд келіссөздер үшін «дүйсенбі күні өтуі әбден мүмкін» деген болжам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Пәкістанның үкіметтік дереккөздері мәлімдеген.
Исламабад билігінің өкілдері «Анадолу» агенттігіне хабарлағандай, Пәкістан екі ел делегациялары арасындағы екінші раунд келіссөздерге дайындық жүргізіп жатыр. Олардың айтуынша, АҚШ пен Иранның техникалық делегациялары аптаның басында Пәкістан астанасында жиналуы мүмкін.
Шенеуніктердің бірі сондай-ақ келіссөздерді жариялайтын БАҚ өкілдерінің жұмысы үшін логистикалық дайындық басталғанын да атап өтті.
Дереккөздің айтуынша, келісім жобасы келісілгеннен кейін Исламабадқа АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран президенті Масуд Пезешкиан келіп, құжатқа қол қою рәсіміне қатысуы мүмкін.
Бұған дейін Дональд Трамп келісімге қол қойылған жағдайда Исламабадқа баруы мүмкін екенін айтты.
Пәкістан – тамаша ел. Егер келісім Исламабадта қол қойылса, мен сонда баруым мүмкін, – деген еді.
Бірінші раунд келісімсіз аяқталды
Айта кетейік, 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан кейін қақтығыс өңірдегі бірқатар елдерге таралып, 8 сәуірде АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату режимімен аяқталған.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Исламабадта өткен тікелей келіссөздер келісімге қол жеткізусіз аяқталғанын хабарлаған.
Ал Иран билігі келісімнің болмауына АҚШ тарапынан қойылған шамадан тыс талаптар себеп болғанын мәлімдеген.