АҚШ пен ЕО Украинаға қатысты бірыңғай жоспар әзірлей алмай отыр
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінің Украинаға қатысты бірыңғай келісілген стратегиясы жоқ. Бұл жағдай Ресейдің қақтығыстағы позициясын күшейтіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, «жетіспейтіні – келісілген америкалық-еуропалық стратегия».
Киевтің өзінде де әскер саны жеткіліксіз екені атап өтілді. Украина Қарулы күштері бұл тапшылықтың орнын дрондарды кеңінен пайдалану арқылы толтыруға тырысуда.
Бұған дейін Bloomberg еуропалық көшбасшылар Ресейдің жаңа шабуылға дайындалып жатқанынан алаңдаулы екенін хабарлаған.
31 тамызда Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Лейен ЕО елдері қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинада болуы мүмкін әскери қатысудың нақты жоспарын дайындап жатқанын мәлімдеді. Бұл бастаманы АҚШ толық қолдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы