Бүгiн 2026, 08:48 Фото: depositphotos.com

АҚШ Парсы және Оман шығанақтарындағы Иран порттарын толық блокадаға алмақ

Блокада барлық елдің кемелеріне қатысты болады және Парсы шығанағы мен Оман шығанағындағы Иранның барлық портын қамтиды.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы – CENTCOM күштері 13 сәуір күні Шығыс жағалау уақытымен 10:00-де АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығына сәйкес Иран порттарына кіретін, жағалау аймақтарына жақындайтын және олардан шығатын барлық кемелерге блокада енгізе бастайды. Бұл туралы 12 сәуір, жексенбі күні CENTCOM баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ -ге сілDeutsche Welleтеме жасап.

Блокада барлық елдің кемелеріне қатысты болады және Парсы шығанағы мен Оман шығанағындағы Иранның барлық портын қамтиды. Сонымен қатар, CENTCOM Ормуз бұғазы мен Иранға қатысы жоқ порттардағы еркін кеме қатынасына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.

АҚШ пен Иран арасындағы Исламабадтағы келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, Трамп 12 сәуірде теңіз блокадасын жариялаған, алайда нақты мерзімдерін атамаған болатын. Осылайша Ақ үй басшысы Иранның Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алым алуына тосқауыл қойып, Тегеранды мұнай сатудан түсетін табыстан айыруды көздеп отыр.

Трамп келіссөздер барысында Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізілмегенін айтты. Сондай-ақ ол Иранның Ормуз бұғазын ашуға қатысты уәдесін бұзғанын «жаһандық бопсалау» деп атады.

The Financial Times басылымының мәліметінше, келіссөздер барысында Иран бұғазды бақылауды және одан өтетін кемелерден алым алу құқығын талап еткен. Сондай-ақ ел делегациясы АҚШ ұсынған "бірлескен бақылау" нұсқаларынан бас тартқан.

CNN дерегінше, Иран билігі АҚШ-пен түпкілікті келісімге қол жеткізбейінше Ормуз бұғазын ашудан бас тартып отыр.

Өз кезегінде Иран Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Шахрам Ирани Трамптың мәлімдемелерін «күлкілі» деп бағалады.

АҚШ президентінің Иранды теңізде бұғаттау туралы қоқан-лоққысы – орынсыз әрі абсурд, – деп келтіреді оның сөзін AFP агенттігі.

Иранидің айтуынша, Иран флоты аймақтағы АҚШ армиясының барлық әрекетін бақылауда ұстап отыр.