АҚШ Пәкістандағы мұнай кен орындарын игереді
АҚШ Пәкістанмен мұнай қорын бірлесіп игеру туралы келісімге келді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вашингтон мен Исламабад Пәкістанның мұнай ресурстарын бірлесіп игеру туралы келісімге келді.
Біз жаңа ғана Пәкістанмен келісім жасадық, оған сәйкес Пәкістан мен Америка Құрама Штаттары өздерінің орасан зор мұнай қорын игеру үшін бірлесіп жұмыс істейді. Біз қазір осы серіктестікке жетекшілік ететін мұнай компаниясын таңдап жатырмыз. Кім біледі, мүмкін олар бір күні Үндістанға мұнай сататын шығар, - деп жазды Трамп.
Бұған дейін Америка президенті 1 тамыздан бастап Үндістанға 25 пайыздық баж салығын және Бразилияға қосымша 40 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Telegram арқылы вейп сатқан заңсыз топ әшкереленді
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы