Бүгiн 2026, 08:11 Фото: magnific.com

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өткен 70-ке жуық кемеге қолдау көрсетті

Кейбір кемелер бұғаздан өту кезінде өздерінің орналасқан жерін көрсететін транспондерлерді уақытша өшірген.

Соңғы үш апта ішінде АҚШ әскери күштері Ормуз бұғазы арқылы өткен шамамен 70 кемеге қолдау көрсеткен. Бұл туралы The New York Times америкалық әкімшілік өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, кемелерге көмек көрсетуді АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) әскери-теңіз күштері жүзеге асырған. Кейбір кемелер бұғаздан өту кезінде өздерінің орналасқан жерін көрсететін транспондерлерді уақытша өшірген.

АҚШ шенеуніктері қолдау көрсетілген кемелердің нақты түрлері мен бағыттары туралы қосымша ақпарат бермеген.

Бұған дейін CENTCOM сауда кемелерін арнайы алып жүру немесе қорғау туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының маңызды бағыттарының бірі. Соңғы айларда өңірдегі қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты халықаралық теңіз қатынасына қатысты алаңдаушылық күшейіп отыр.