АҚШ Ормуз бұғазы арқылы 100-ден астам кеменің өтуіне көмектесті
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі және қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің тұралап қалуы жағдайында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы әлі де қауіп-қатерге толы болып отыр.
Мамыр айында АҚШ әскери күштері Ормуз бұғазы арқылы 100-ден астам коммерциялық кеменің қауіпсіз өтуін үйлестірген. Бұл туралы The New York Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі және қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің тұралап қалуы жағдайында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы әлі де қауіп-қатерге толы болып отыр.
Бұған дейін The New York Times АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығы бұғаз арқылы өтетін 70 кемеге қолдау көрсеткенін жазған еді. Басылымның хабарлауынша, олардың көпшілігі қауіпсіздік мақсатында қозғалыс кезінде транспондерлерін өшірген.
Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан өңірдегі кез келген әскери немесе саяси шиеленіс халықаралық теңіз қатынасы мен энергия нарығына әсер етуі мүмкін.
Басылымның мәліметінше, АҚШ пен Иран арасындағы текетірес жағдайында бұғаз арқылы өтетін кемелердің қауіпсіздігі халықаралық қауымдастық назарындағы басты мәселелердің бірі болып отыр.