Бүгiн 2026, 01:39 Фото: freepik

АҚШ Оман шығанағында 11 ирандық кемені суға батырды

Қазіргі уақытта Иранның аталмыш аймақта бірде-бір кемесі қалмағаны хабарланды.

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Оман шығанағында 11 ирандық кемені суға батырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Иранның аталмыш аймақта бірде-бір кемесі қалмағаны хабарланды.

Екі күн бұрын Иран режимінің Оман шығанағында 11 кемесі болған, ал бүгінде олар жоқ, – деп атап өтті CENTCOM.

Олардың мәлімдеуінше, Иран режимі ондаған жылдар бойы Оман шығанағындағы халықаралық кемелерді қудалап, шабуыл жасаған.

Бұл күндер өтті. 80 жылдан астам уақыт бойы теңізде жүзу бостандығы Американың және бүкіл әлемнің экономикалық өркендеуінің негізі болды. АҚШ қарулы күштері оны қорғауды жалғастырады, – делінген хабарламада.