АҚШ одақтастары Қытаймен экономикалық байланыстарын тереңдетуде

АҚШ-тың одақтастары – Еуропа елдері мен Канада – Вашингтонның даулы саясатына қарамастан Қытаймен байланыстарын күшейтуге тырысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Тhe New York Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым атап өткендей, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Қытайға сапары барысында іскерлік мәмілелерге басымдық беріп, даулы мәселелерден аулақ болуға тырысқан. Сол сияқты, Канада премьер-министрі Марк Карни он жыл ішінде Қытайға барған алғашқы канадалық көшбасшы болып, экономикалық байланыстарды "прагматикалық қайта жүктеу" мақсатында жаңа стратегиялық серіктестік орнатты. Онда қытайлық электромобильдерге баж салығын төмендету мәселесі қарастырылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп 29 қаңтарда Қытаймен байланысқа бару тәуекелі жоғары екенін атап өтті. Ол әзілмен Бейжің Канадаға хоккей ойнауға тыйым салуы мүмкін деп болжаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: freepik
Өзгелердің жаңалығы