АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болды
Елімізге іссапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматы туралы әсерлі жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі “Шымбұлақ” тау шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа қазақ достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым!, - деп жазды Ландау Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Дипломаттың айтуынша, Алматы табиғаты мен адамдардың жылы қабағы оған ерекше әсер қалдырған.
Айта кетейік, бүгін АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен және іскерлік топ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.