АҚШ мемхатшысы Қазақстанның коронавируспен күресі жайлы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның коронавирустың таралмауына қатысты бағытталған жылдам әрекеті көңілге қонымды. Мұндай пікірді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео баспасөз брифингінде айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, Қазақстан мен Қытай шекаралас ел болғандықтан коронавирус мәселесіне алаңдау болатыны заңды.

Мен бұдан бөлек Қазақстанның коронавируспен күрес мәселесін шешу үшін АҚШ-тың не істеп жатқаны туралы айтым келеді. Кеше кешкі уақыттағы жағдай бойынша 46 потенциалды ауру жағдайын тексеру жүргізіп жатыр. Қазақстанның коронавирустың таралмауына қатысты бағытталған жылдам әрекеті көңілге қонымды. Сіздің Қытаймен шекараңыздың 1800 шақырым болғандықтан бұл жағдайда алаңдау керектігін білдіреді. Сіздің еліңізде аурудың алдын алу және бақылау бар, біз ауруды жұқтыру жағдайына мониторинг жүргізетін Денсаулық сақтау министрлігіне көмектесіп жатырмыз... Біз тәжірибемізбен және халықаралық стандарттарқа сәйкес талдау жүргізу мақсатындағы лабораториялық материалдарымызбен бөлісеміз. USAID арқылы лаборатория қызметкерлері мен медициналық персоналдардың жеке қорғанышы үшін заттарды жеткіземіз. Вирустан зардап шеккен америкалықтарға көмек көрсету үшін және бұл проблемамен күресу үшін Қазақстандағы достарымызға да барлық жағдайды жасаймыз. Біз бұл мәселелерде көмек көрсетуді жалғастырамыз, - деді Майк Помпео.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы