АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне соққы жасайды

АҚШ Латын Америкасындағы есірткі желілеріне қарсы қысымды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 24.kz жазды.

Президент Дональд Трамптың айтуынша, америкалық әскерилер енді олардың құрлықтағы жасырын орындарын да нысанаға алады.

Трамп қыркүйекте аймақтағы есірткі тасымалына қарсы кең ауқымды науқан бастаған еді. Сол уақыттан бері оны теңіз арқылы жеткізу көлемі 94 пайызға азайған. Бұған дейін АҚШ Тынық мұхиты мен Кариб теңізінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген 23 кемеге соққы беріп, 87 адам қаза тапты. Ал Венесуэла АҚШ осы елдегі билікті төңкеру үшін есірткіні желеу етіп отыр дейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы