Бүгiн 2026, 05:18 Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізбек: Трамп жарлыққа қол қойды

Ақ үйдің мәліметінше, жаңа шектеулер адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар шенеуніктер мен ұйымдарға қысымды күшейтуді көздейді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаға қатысты жаңа біржақты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жарлықта санкциялар «Кубадағы қуғын-сүргінге жауапты тұлғаларға», сондай-ақ «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қауіп төндіретін әрекеттерге» қатысы бар тараптарға бағытталатыны көрсетілген.

Ақ үйдің мәліметінше, жаңа шектеулер адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар шенеуніктер мен ұйымдарға қысымды күшейтуді көздейді. Сондай-ақ бұл қадам АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Кубаға қатысты ұстанымды қатаңдату ретінде сипатталуда.

Құжатта санкциялардың нақты тетіктері мен шектеулердің ауқымы жеке баптар арқылы белгіленетіні де айтылған.