25 Қазан 2026, 00:30 Фото: depositphotos.com

АҚШ кейбір канадалық тауарларға 50 пайыздық баж салығын жойды

Баж салығы фанера, қағаз өнімдері, картон қораптар, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған жабдықтар және теңіз балдырларының кейбір түрлеріне қатысты алынып тасталады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 30 қазаннан бастап Канаданың бірқатар тауарларына салынған 50 пайыздық кедендік баж салығын алып тастау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Баж салығы фанера, қағаз өнімдері, картон қораптар, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған жабдықтар және теңіз балдырларының кейбір түрлеріне қатысты алынып тасталады.

Сонымен қатар, АҚШ Канададан импортталатын кілемдерге, бояуларға, сусабындарға, какао ұнтағына, кондиционерлерге, мұздатқыштарға және басқа да тауарларға жаңа тарифтер енгізді.

Канаданың АҚШ-пен саудаға жауапты министрі Доминик Лебланк Оттаваның екі ел арасындағы өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы уақытта Вашингтон мен Оттава арасындағы сауда қатынастары нашарлаған. Бұған АҚШ-тың жоғары баж салығын енгізуі және Канаданың оған жауап ретінде осындай шаралар қабылдауы себеп болды.