АҚШ Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатады
АҚШ президенті Дональд Трамп Канадамен сауда келіссөздерін доғаратынын жариялады. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біз Канадамен сауда мәселелерін талқылауды тоқтатамыз, шешім бірден күшіне енеді. Келесі жеті күн ішінде біз Канадаға АҚШ-пен бизнес жүргізу үшін төлейтін баж салығы туралы хабарлаймыз, – деді Трамп.
Оның айтуынша, бұл шешімге Канада тарапынан АҚШ компанияларына цифрлық қызметтер үшін енгізілген салық түрткі болған. Трамп бұл салықты Еуроодақ тәжірибесімен салыстырып, әділетсіздік деп атады.
Еске салайық, 2025 жылдың басында АҚШ Канададан әкелінетін кейбір тауарларға – әсіресе болат, алюминий және автомобильдерге 25%-ға дейінгі баж салығын енгізген болатын. Наурыз айында бұл талап кейінге шегерілгенімен, Вашингтон баж салығының қолданылу аясын кеңейткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы