6 Тамыз 2026, 07:10
Фото: Shutterstock
АҚШ Иранның үш ұйымына салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ билігінің шешімі бойынша КСИР-мен байланысы бар деп танылған үш ирандық ұйым мен екі әуе кемесіне қатысты шектеулер алынып тасталды.
АҚШ Иранға қатысты санкциялар тізімінен үш ұйым мен екі ұшақты шығарды. Бұл ұйымдар Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) құрамымен байланысты болған.
Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сілтеме жасап Reuters хабарлады.
АҚШ билігінің шешімі бойынша КСИР-мен байланысы бар деп танылған үш ирандық ұйым мен екі әуе кемесіне қатысты шектеулер алынып тасталды.
Айта кетейік, шілде айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы санкцияларды кеңейткен болатын. Сол кезде санкциялық тізімге 10 заңды тұлға мен 8 мұнай танкері енгізілді.
Шектеулер Иран, Гонконг және Маршалл аралдарында тіркелген бірқатар компанияларға қатысты қолданылған.