Бүгiн 2026, 05:18 Фото: depositphotos.com

АҚШ Иранның үш тұлғасы мен тоғыз компаниясына санкция салды

АҚШ тарапы бұл шешімді Иранның аймақтағы ықпалын және санкцияларды айналып өту әрекеттерін шектеу мақсатымен түсіндірді.

АҚШ Қаржы министрлігі Иранмен байланысты бірқатар жеке тұлғалар мен компанияларға жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шаралар Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қызметімен байланысы бар деп танылған құрылымдарға қатысты қабылданған.

Ведомство мәліметінше, санкциялар тізіміне үш Иран азаматы және тоғыз компания кірген. Олардың қатарында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен төрт компания, сондай-ақ Оманнан бір заңды тұлға бар.

АҚШ тарапы бұл шешімді Иранның аймақтағы ықпалын және санкцияларды айналып өту әрекеттерін шектеу мақсатымен түсіндірді. Санкция енгізілген тұлғалар мен ұйымдардың АҚШ аумағындағы активтері бұғатталып, америкалық компаниялармен іскерлік байланыс жасауына тыйым салынады.