12 Қараша 2026, 04:28 Фото: depositphotos.com

АҚШ Иранның құрлықтағы шекараларын жаба алмады

АҚШ әкімшілігінің өкілдері бірнеше апта бойы дипломатиялық жолмен Иранның көрші мемлекеттермен шекарадағы сауда өткелдерін жабуға тырысқан.

АҚШ-тың Иранмен құрлықтағы шекаралар арқылы сауда қатынасын шектеу әрекеттері әзірге нәтиже бермеді. Ислам Республикасымен көршілес елдер Вашингтонның бұл бастамасына наразылық білдіріп отыр. Бұл туралы The New York Times (NYT) басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, АҚШ әкімшілігінің өкілдері бірнеше апта бойы дипломатиялық жолмен Иранның көрші мемлекеттермен шекарадағы сауда өткелдерін жабуға тырысқан. Алайда Түркия, Ирак және Пәкістан бұл бастамаға қолдау білдіруге асықпай отыр.

Аталған елдер Вашингтонның саясатына барған сайын наразы. Олар Иранмен сауда жолдарын жабу шекараның екі жағындағы бейбіт тұрғындардың наразылығын күшейтуі мүмкін деп алаңдайды.

Бұған дейін, 7 қарашада, АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның құрлықтағы шекаралары мен Каспий теңізі арқылы қару-жарақ жүйелерінің, қос мақсатта қолданылатын технологиялар мен санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін материалдардың тасымалын шектеу үшін «Iron Gate» («Темір қақпа») жедел тобы құрылғанын хабарлаған.

Аталған топ Флорида штатында орналасады. Оның міндетіне Иранның заңсыз кіріс көздерін шектеу де кіреді.