Бүгiн 2026, 17:55
Фото: Die dts Nachrichtenagentur / IMAGO / TASS
АҚШ Иранның Харк аралын бақылауға алуды көздеп отыр
АҚШ әскері Таяу Шығысқа мыңдаған теңіз жаяу әскерін жедел жеткізіп жатыр.
АҚШ Иранның Харк аралын бақылауға алу мақсатында Таяу Шығысқа Теңіз жаяу әскерлері корпусы мен Әскери-теңіз күштері бөлімшелерін жіберу үдерісін жеделдетті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Jerusalem Post газетіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, соңғы күндері америкалық жоғары лауазымды шенеуніктер Израильдегі және басқа елдердегі әріптестеріне Вашингтонда Харк аралын басып алуға бағытталған құрлықтағы әскери операцияны бастауға мәжбүр болуы мүмкін деген ақпарат жеткізген.
Америкалық шенеуніктердің бірі The Jerusalem Post газетіне АҚШ әскері Таяу Шығысқа мыңдаған теңіз жаяу әскері мен әскери-теңіз күштерінің қызметкерлерін жіберу қарқынын арттырып жатқанын растаған.
Бұған дейін Axios порталы АҚШ әкімшілігі Иран мұнайын экспорттаудың негізгі торабы саналатын Харк аралын басып алу немесе оқшаулау нұсқаларын қарастырып жатқанын жазған. Порталдың дерегінше, Вашингтон осылайша Иранды Ормуз бұғазын «ашуға» мәжбүрлеуді көздейді.